COVID-19: +57

16 қарашада Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 57 адам жұқтырған. Тәулік ішіндегі сырқаттанудың өсу қарқыны 1,3%-ға тең.
Індетке Қостанай қ. 27 адам, Рудный қ. – 9, Қарабалық ауданында – 7, Жітіқара ауданында – 5, Алтынсарин ауданында – 3, Сарыкөл ауданында – 3, Әулиекөл ауданында – 1, Қостанай ауданында + 1, Қарасу ауданында 1 тұрғын шалдыққан. 
41 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді,  9 адам профилактикалық мақсатта, 7 адам коронавирус инфекциясы расталған адаммен байланыста болға күдікті терінде қаралған.
Індет жұқтырғандардың ішінде 34 адамнан аурудың симптомды, 23 адамнан симптомсыз түрі анықталған.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 16 қараша аралығында COVID-19-ды  4372 адам жұқтырып, 3381 адам емделіп шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓