Футзал: қостанайлықтар ел чемпионы
Қостанай қаласының «Allur» командасы футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Қазақстан астанасында мереке күндері өткен VI ҚР чемпионаты елдегі үздік өкілдерін жинады.
Қостанайлық команда финал жолында «Бейнеуді» (Маңғыстау) 10:1, «Бекетті» (СҚО) 4:4, «Korkem-Kazaly» командасын (Қызылорда) 5:4, «Tulpar»командасын (Павлодар) 8:2, «Жігерді» (Атырау) 7: 3, «Kaisar Plaza»-ны (Алматы) 4:1 есебімен, пенальти бойынша «Биосфера» (Қарағанды) командасын 5:4 есеп айырмасымен жеңді.«ТЧЭ-14» (Қарағанды) және «Allur» (Қостанай) финалдық жекпе-жекте тартысты ойын өткізді, онда жалғыз жеңісті голдың авторы қостанайлық Алексей Забогонский болды.
Айта кетейік, Чемпионаттың үздік ойыншысы болып Асхат Тайбасаров (Allur) танылды.