Саясат сеңі қозғалды

Ел Презедидентінің Жолдауы саяси өзгерістермен, онтайлы жаңалықтарымен ерекшелеңді. Қ.Тоқаев супер президенттік мемлекеттен, күшті парламенттікке ауысу қажеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Ол өзінің «Аманат» партиясының төрағалығынан шығатыны жөнінде, және келешекте орталық сайлау комиссиясы, есеп комиттеттері, әкімдер мен орынбасарлары партияларға басшылық жасаудан босатылуы керектігін айтты. Сонымен қатар, президент туыстарының саяси, мемлекеттік секторында еңбек жасалуына тыйым салу жөнінде айтты. Бұл елдегі және жергілікті өңірлерде тепе-теңдікті қалыптастырады және жемқорлыққа жол бермеудің негізі деп білемін. 
Парламент жүйесін күшейту мақсатында бірнеше шаралар  жасалынады. Ол, көбінесе Мәжілісті күшейту бойынша, Асамблея депутаттарынын Сенатқа өтуі, олардың санының 9-дан 5-ке азайту. Сенаттағы президент квотасының санының 15-тен 10-ға дейін қысқартылуы да президентің ықпалының төмендетуінің нышаны. Сонымен қатар, мажоритарлық пен пропорционалдық жүйеге ауысуынын да саяси реформалардың бағыт бағдарын президент айқындап берді. Осындай қиын геосаяси жағдайда президетіміздің батылдығы деп түсінемін, бұл уақтылы жасалынып жатқан шаралар. 
 Президент, жергілікті мәслихаттарды да күшейту бойынша жұмыстарға тапсырма берді. Ол маслихат рөлін арттыру, олардың мықты болуына ықпал жасау. Ендігі жерде облыс әкімдері лауазымына президент ұсынған екі кандидатурадан бір кандидатураны мәслихат тағайындайтын болады.
Сонымен қатар, мәслихат депутаттарының жауапкершілігін артыру мақсатында оларға қаржылық, ресурстарды қамту жергілікті басшылықтың тікелей міндеті-деді президент. Осы жылдың ортасына дейін президент аппаратына және Үкіметке механизімдерін айқындауға тапсырма берілді. 
Бүгінгі таңда бірнеше мемлекеттік бағдарламалардың орындалуында халық наразылығы бар және белсенді жұмыс атқарулар ақсап келеді. Мысалы, "Ауыл- Ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жергілікті жерлерде шаралардың толыққанды орындалмауы байқалуда. Осыған орай Қасым Жомарт Кемелұлы «Жоғары аудиторлық Палата» ұйымдастырылу жайында шешім бұл мәселелердің егжей тегжейіне жететіні, Мәжілістің жылына екі рет осы Палата алдында республикалық бюджеттің игерілуі жөнінде есеп беруі, жаныма үміт ұялатты. 
Сонымен қатар, адам құқығын қорғау мақсатында Конституциялық соттың құрылуы да халық мүддесін, құқығын қорғау да жаңа серпін беретініне сенемін. 
Күшті парламенттік мемлекет құру үшін жаңа саяси партиялардың құрылуына қолайлы жағдайлар жасалынады. Бұл жерде дұрыс бәсеке қалыптасатыны және электораттардың бағыт бойынша дұрыс таңдау жасауына тамаша мүмкіндік беріледі деген сөз. 
 
Ғайния Есеева,
Қостанай облысы мәслихатының депутаты,
«АУЫЛ» ХДПП өкілі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓