Лисаковта КТ кабинеті ашылды

Лисаков қаласының тұрғындары қалалық ауруханада компьютерлік томографта диагностикадан өту мүмкіндігіне ие болды. Оның үстіне, терапевт жолдамасы бойынша тегін қызмет ала алады.Бұл құрылғының қуатты екенін түсіну үшін дәл осындай КТ Лисаковта және Екібастұзда ғана бар екенін айтса жеткілікті. Сонымен қатар, егер стандарт бойынша аппараттан салмағы 150 келіге дейінгі пациенттер тексеруден өте алатын болса, Лисаковқа әкелінген томограф 300 келілік адамдарды қабылдауға қауқарлы. Демек, Лисаковқа тек ауылдық жерлерден ғана емес, басқа қалалардан да науқастар баруы мүмкін. Облыс орталығының пациенттері де жүгінуі ғажап емес.
Осылайша, Лисаков қалалық ауруханасының бас корпусында компьютерлік томография кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара барысында қала әкімі Абай Ибраев айтқандай, құны 325 миллион 429 мың теңге тұратын жабдық ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Siemens Healthcare GmbH (Германия) компаниясы арасындағы келісімшарт аясында сатып алынған. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында заманауи диагностикалық жабдыққа қол жеткізген лисаковтықтарды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Айтпаев құттықтады. Жаңа кабинет лентасын қала әкімі мен басқарма басшысы қиды. 
Кабинет күніне 15 адамға лейін қабылдай алады. Науқастар көп жағдайда КТ-дан ММС қорының қаражаты есебінен немесе тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында ақысыз өте алады. Бірақ, Лисаков қалалық ауруханасының бас дәрігері Қарлығаш Аренова тексерістің есептеулі бағасы барын және диагностикадан өтуге ниет білдірушілер үшін ақылы екенін айтты. Нақтырақ айтқанда, сеанс құны – он мың теңгенің арғы-бергі жағында. Рас, мамандар ақылы диагноз қою қызметі өте сирек болатынына сенімді, өйткені басымдық мұқтаж адамдарға көбірек беріледі. Оның ішінде, басқа өңірлерден келетін науқастарға Лисаков ауруханасының олардың медициналық мекемелерімен арадағы келісімі бойынша тегін қызмет көрсетіледі.
"Кокнавирус жұқтырмаған пациенттер түске дейін тексерістен өте алады. Ал түстен кейін екпе алғандар немесе КВИ жұқтыру ықтималдығы бар азаматтар қабылданады. Кешкілік кабинет және құрылғы тазартудан өткізіледі, – дейді Қарлыған Аренова. – КТ инжекторын сатып алғаннан кейін онкологиялық ауруларды, қан тамырларын, жүректі тереңірек диагностикалауға мүмкіндік аламыз".
Іс-шара барысында лисаковтықтар  Рүстем Айтпаевқа қалада маммограф жоқ екен, әйелдер тексерілуге Денисов ауданына қатынайтынын, содан кейін онда түсірілген суреттердің нәтижелерін екі айдан артық уақыт күтетінін айтты. Басқарма басшысы бұл мәселені 2022 жылға арналған бюджетті бекіту кезінде қарастыруға уәде берді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓