Тайып құлап, мерт болды
Қайғылы оқиға Сарыкөл ауданында болды. Бұл ақпаратты облыстық ПД баспасөз қызметі растады.
65 жастағы ер адам аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, тілге келмей көз жұмды. Тергеу барысында зейнеткердің сол күні мас болғаны анықталды. Куәгерлердің айтуынша, ол үйіне қайтып келе жатқанда аяғы тайып кетіп, мұз жаптқан жолға қатты құлаған.
Сараптама анықтағандай, ол басынан ауыр жарақат алған.