Бауырсақтан ауыз тиіңіз
Қостанай қаласының орталығында «Жомарт Наурыз» атты акция өтті. Ұлттық киім киген жастар өткен-кеткен қала тұрғындарын бауырсақ пен тәтті тағамдардан ауыз тидірді.
Қостанайлықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат тұтқан жеті жас қазақы кеңпейілдік пен қонақжайлықты, жомарттықты паш етті.
Акцияшылар — №3,5 және 6 мектептердің 10-14 жас аралығындағы оқушылары. Олар қостанайлықтарды Ұлыстың ұлы күнімен очылайша құттықтағысы келген.
"Біздің акцияның мақсаты — әртүрлі санаттағы есепте тұрған балаларды қаланың қоғамдық өміріне араластыру. Оның үстіне, 2022 жыл балалар жылы болып жарияланды. Сондықтан, біз мұндай іс-шараларды жиірек өткізіп тұрмақпыз", – дейді ұйымдастырушы, кәмелетке толмаған балалар ісі жөніндегі комисияның Айгүл Шәріпова.
Сурет " Біздің Қостанай" сайтынан алынды