Облыстық соттың алқа төрағасы пара алу үстінде ұсталды

Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы ірі сомада пара алып жатқан жерінде қолға түсті.Жоғарғы соттың баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, күдікті сот шешімін мүдделі тараптың пайдасына шығару үшін ақша талап еткен.
"17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғары соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен тексерісі барысында,Қостанай қаласында облыстық соттың судьясы аса ірі көлемде пара алып жатқан жерінде ұсталды. ҰҚК тергеу департаменті ҚР ҚК 366-бабының 3-тармағы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», – делінеді баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тергеу мүддесіне байланысты, басқа ақпарат берілмей отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓