260 адам қамауға алынды
Қостанай облысының комендатурасы төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін операция басталғаннан бері (5-9 қаңтар аралығында) барлығы 726 адам ішкі істер органдарына жеткізілгенін хабарлады.
Сот қамауға алудың түрлі мерзімдерін белгілеп (5-тен 15 тәулікке дейін), әкімшілік жауапкершілікке 260 адамды тартты. Қалған материалдар соттың қарауында жатыр.
Ұсталғандардың барлығы арнайы қабылдағыштарда, уақытша ұстау изоляторларында және полицияның аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік блоктарында орналастырылды.

Қостанай облысы комендантының өкіміне сәйкес, Қостанай өңірі шекараларының периметрі бойынша Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда 7 блок бекет, сондай-ақ Қостанай қаласы шекараларының периметрі бойынша 7 блок бекет қойылған.
Төтенше жағдайлар кезінде блок бекеттерде тәулігіне – 2737, барлығы 9601 автокөлік тексерілді.
Құқық бқзушылықтар жоқ емес. Мәселен, 7 қаңтарда Сарыкөл ауданындағы блок бекетте 1991 және 2001 жылы туған екі жүргізушінің «Тойота Ландкрузер» және «Тойота Камри» автокөліктері тоқтатылды. Олар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады және түнгі уақытта облыс орталығы жағына қозғалуды жалғастырды. Полиция Сарыкөл ауылының маңында автокөлікті ұстады. Әр көлікте бір жолаушы болған. Қазіргі уақытта барлығы Төтенше жағдайлар режимін бұзғаны үшін 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
9 қаңтарда Қостанай-Рудный автожолының блок бекетінде тексеру кезінде Ресей Федерациясы азаматы тізгіндеген ресейлік есепте тұрған «Лада Приора» автокөлігі ұсталды. Көліктен нөмірі жоқ пневматикалық тапанша табылды. Сараптама тағайындалды. Жүргізуші Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 12 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Жедел желі» телефонына ұсталғандардың туыстарынан сауалдар келіп түседі. Әкімшілік материалдар бойынша қамауға алынғандар туралы ақпарат бойынша мына телефондар арқылы білуге болады ( 8 714 2 ) 52 – 61 – 48. Әкімшілік жазамен ұсталғандарға арналған барлық арнайы мекемелер бейнебақылауда болады.
2022 жылғы 1-10 қаңтар аралығында Қостанай қаласы полиция басқармасының ЖБО "102" пультіне қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы 4499 хабарлама келіп түскен. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артық.
Анықтамалық сипаттағы хабарламаларды тіркеудің айтарлықтай өсуі 2022 жылғы 05-10 қаңтар аралығында байқалды. Осы кезеңде қала тұрғындары "102" пультіне Қостанай облысынан тыс жерлерге шығу мүмкіндігі, енгізілген коменданттық сағаттың әрекеті секілді түрлі сипаттағы сұрақтармен жүгінді.
Сонымен қатар, азаматтар күдік туғызатын тұлғалар бойынша ақпараттар хабарлаған.
Екі күннің ішінде 50-ден астам азамат қала көшелерін патрульдеуге өз еркімен көмекке келді. Олар күндізгі уақытта қоғамдық тәртіпті қорғауға жәрдемдеседі, еркітілер арнайы жилеттермен жабдықталған.
Облыс тұрғындарынан белгіленген шектеу шараларын және сабырлылық сақтау сұралады.