Ғасыр індетінен сақтандырады
"Қостанайдың жас көшбасшылары" қоғамдық бірлестігі облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының тапсырысы бойынша қыркүйек айынан бастап арнайы жобаны жүзеге асыруда.

– Елімізде ВИЧ-пен ауыратындардың жыл санап көбеюі бүгінгі медицинаның әлі де болса басты проблемасы. Елімізде жиырма мыңнан астам адам осы дерттің құрығына ілінген екен, соның мың жарымнан астамын шетелдіктер құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда биыл дертті жұқтырғандар қатары 106 адамға көбейіп отырған көрінеді. Соның ішінде 47 жағдай Қарағанды облысына, 28-і Алматыға, 30-ы Шығыс Қазақстанға, ал 21-і біздің облысқа тиесілі екен. Сондықтан, дертті ауыздықтауда бүкіл ел болып күресуіміз қажет. Біз қолға алған жобаның басты мақсаты да осы, – дейді Гүлсім Айтжанқызы.
Қарлығаш
ОСПАНОВА