Деректі фильм түсіруді үйретті

Елордада бастау алған американдық деректі кино фестивалі Тобыл өңірінде жалғасын тапты. Осынау шараға орай АҚШ елшілігінің өкілдері астықты аймаққа арнайы келіп, деректі кино түсірудің қыр-сырын түсіндірді.
фи Екі күндік фестивальде шаһардағы "Арман 3D" кинотеатрында үш американдық деректі фильм көрермендердің назарына ұсынылды. Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада деректі фильм түсіру тақырыбы бойынша шеберлік сыныбы өтті. Аталмыш іс-шараны  АҚШ елшілігі мен "Synergy" ғылыми-танымдық қоры және "Қостанай дарыны" орталығы ұйымдастырғанын атап өткен жөн. Фес-тивальге АҚШ елшілігінің өкілдері Натаниель Дрю, Гүлмира Полуа-нова және АҚШ-тағы деректі кино режиссері, атқарушы продюсер Лиза Олкен, деректі киноның продюсері Андреа Медич қатысты. 
Қымбат
       ДОСЖАНОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓