«Келісіп пішкен тон келте болмас»

Көптен күткен Президент Жолдауын Арқалықта қала басшылығы, мекеме басшылары мен мамандары және зиялы қауым өкілдері қала әкімдігінің мәжіліс залында орнатылған экрандардан көріп, тамашалады.
Сағаттан астам уақытқа созылған Жолдауда елдің өткені мен бүгіні, келешегі туралы көптеген келелі мәселелер қозғалды. Маңызды мәлімдемені көпшілік қауым сілтідей тынып, зор ынтамен тыңдады.
 Президент айтқандай қай істе де қоғамдық пікірдің маңызы зор. Біз осы орайда Жолдау туралы жұртшылықтың пікірлерін білген едік.
Бақытжамал Қалтаева,
«Қазақстан Халқы Ассамблеясы» жанынан құрылған «Аналар кеңесі» ұйымының Арқалық қалалық бөлімінің төрайымы:
– Мемлекет басшысының жаңа Жолдауын көппен бірге толық тыңдап шықтым. Жолдауда көтерілген мәселелердің бәрі көңілге қонады. Әсіресе, халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған өте жақсы тұжырымдар айтылды.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін, бейбітшілігін сақтап, оны әрі қарай дамыту – баршамыздың абыройлы борышымыз.
 
Жәнібек Ғапбасұлы,
Арқалық қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі халыққа Жолдауын өз еліміздің азаматтарымен қатар, әлемнің әр түкпіріндегі қазақ ұлтының күткені аян.
Президент өз Жолдауында кешегі қаңтар оқиғасына кеңінен тоқталды. Мемлекеттігімізге қауіп төндіргені айтылды. Мемлекет басшысының шұғыл шара қолдануының арқасында еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігі сақталып қалды.
Қазақстан халқының бірлігінің артуының нәтижесінде жаңа Жолдау – бүкіл халықты жаңа біртұтастыққа үндейді деп ойлаймын.
 
Амангелді Ахметжанов,
Арқалық қалалық мәслихатының депутаты, Жастар ресурстық орталығының басшысы:
– Президент Жолдауында айтылған азаматтық қоғамның дамуы – бұл елдегі сайлау процесінің әділ өтуіне, мемлекеттік басқаруда жаңа кадрлардың келуіне оң ықпал етеді. Яғни, енді азаматтық қоғам ұсынған кадрлар мемлекеттік басқару жүйесіне келе алады. Бұл азаматтық қоғам жұмысының тиімділігін көрсетеді.
Азаматтық қоғам мемлекеттегі жұмыстың оң нәтижелілігіне баға беріп отырады. Қоғамда ашықтық болғаны дұрыс. Өйткені, кез – келген мәселені қоғамдық талқыға салғаннан кейін барып, шешім қабылдау – жақсы көрсеткіштер көрсетері хақ.
Мемлекеттік басқару жүйесінде, жалпы идеологияда осы қоғамдық бірлестіктердің жұмысын барлық бағытта жетілдіру қажет.
 
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген автор.
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓