Әйелді баласымен өртеп жіберді

Рудныйда аса ауыр қылмыс жасалып, 4 жасар бала зардап шекті. Бұл туралы Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков "Фейсбук" желісінегі парақшасында хабарлады."Ашық айтайын, полицияда көп жыл жұмыс істегеннен кейін мен әртүрлі нәрселерді көрдім. Бірақ бұл іс жағамды ұстатты. 16 наурызда Рудный қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне түскен хабарлама бойынша, 44 жастағы ер адамның көршілерінің есігін қаққан. Ол өзіне есік ашқан 32 жастағы әйелді баласымен бірге керосин құйып өртеп жіберді. Аталған факті бойынша полиция адам өлтіруге оқталу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмысты тергеуді мен жеке бақылауыма алдым", – деп жазды ПД бастығы.
Баланың денесінің 40%-ы күйіп қалған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. Әйелдің білектері күйген. Бұл әрекетке көршілер арасындағы жанжал себеп болғаны анықталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓