Балаларға – бес бөлме

Арнайы тексеру кезінде анықталғандай, мемлекеттік қолдау арқылы тұрғын үй беру кезінде балалар үйі түлектерінің құқығы бұзылған.
– Сонымен қатар, балалар үйінің түлектері заңды шаршы метр алу құқығы туралы хабардар болмаған. Соның кесірінен  бес жылдан астам уақыт тұрғын үй подъездерін паналаған, – деді республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов  ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

IMG_8450


Оның сөзінше, республикалық арнайы мониторинг тобы мен БАҚ жарияланған материалдардан соң оларға жатақаханадан бес бөлме берілді.
– Бүгінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға ие болуы өте өткір мәселеге айналды. Біздің топ барлық өңірде болып, нақты ұсыныстарын жеткізді. Бұған қоса сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау үшін байқау кеңесінің құрамына белсенді кіруді ұсындық. Қазіргі таңда бұл сұрақ әлі күн тәртібінен түскен емес, – деп түсіндірді Рафаэль Гасанов.  

IMG_8477

 

IMG_8460


Өткен аптада арнайы мониторинг топ өкілдері Түркістан облысына барып, балалардың жағдайын біліп қайтты.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓