Қос азаматтыққа қарсы заң
Сенатта «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.«Бұл келісім арқылы ТМД елдерінде азаматтықтың болуы-болмауы, жеке басты куәлдандыратын құжаттар, көші-қон есебінде тұрған адамдар, шетелдіктерге осы елдерге келуге және оларға берілген визалар, жылжымайтын мүлік немесе мүліктік сипаттағы міндеттемелер, қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтерді алуға болады. Аталған құжат қос азаматтықты болдырмауға мүмкіндік береді», – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.
Бұдан бөлек куәлікті жоғалтқан кезде адамның жеке басын растау, азаматтың шетелде тұратын жерін анықтауға да мүмкіндік береді.