Қостанай қаласындағы әуежайға Ахаң есімі беріледі
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары бірауыздан қаланың әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы шешімді мақұлдады.
Бұл туралы ЮНЕСКО аясында ұлт ұстазының туғанына 150 жыл толуына байланысты өтетін мерейтойды ұйымдастыруға арналған ынталы топтың мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Қырмызы Жаңбыршина айтты.
Айта кету керек, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қазыбек Иса Қостанай қаласындағы әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының атын беруді ұсынып, депутаттық сауал жолдаған болатын.