Қостанайлықтардың айыппұлы – 123 млн теңге

Қостанай Полиция департаменті  мен сот орындаушыларының қатысуымен "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 21-25 қазан аралығында өтетін шараның мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.SCBcI8_ktvg
"Іс-шара аясында азаматтарға айыппұл төлеу тәртібі түсіндіріледі. Қазіргі уақытта Қостанай қаласы бойынша жалпы сомасы 123 млн теңге болатын айыппұл төленбеген", – деп атап өтті Қостанай қаласы Полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бастығы, майор Қуаныш Нұркенов.DSC03118
Акцияның бірінші күні айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы хабарлама 96 құқық бұзушыға берілді, оның 28-і берешектерін төледі. Көп жағдайда айыппұл жол қауіпсіздігі ережесін  және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін салынған.DSC03125
"Біз полицейлермен бірігіп, борышкерлерді анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізудеміз, ол үшін рейдтерге шығамыз, азаматтарға айыппұлды қалай төлеу керектігін түсіндіреміз", – дейді жеке сот орындаушы Рамиль Абасов.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓