Мен жанбасам жалындап…

Рудныйда жастардың «Алтын кітабының» тұсауы кесіліп, оның алғашқы лауреаттары марапатталды.OWXwRGZLV8g
Ұйымдастыру комитеті 6 аталым бойынша 50 үміткердің өтініштерін жан-жақты қарастырып, белгілі салада жетістікке жеткен, «алтын» атануға лайықты жас өрендерді анықтады. Олардың есімі соңғы минуттарға дейін құпия сақталып келді. Салтанатты шараға белсенді жастармен қатар олардың ең жақын туыстары мен достары, әкімдік пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.sQy3Qzp1fxE
Тарихи сәттің тұсаукесерін қала әкімінің орынбасары Елена Скаредина ашты. Ол өз сөзінде рудныйлық жастар қашан да ерекше ойлау қабілетімен, заманауилығымен, асқан дарындылығымен көзге түсіп, өмірдің түрлі салаларында биік жетістіктерге қол жеткізіп келе жатқандығын мақтанышпен жеткізіп, есімдері «Алтын кітапқа» енген лауреаттарға арнайы куәліктер мен сыйлықтарды табыстады. Атап айтсақ, «Спорт» аталымында шорт-трек бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Анастасия Крестова, «Кәсіпкерлік» саласында Елдана Фролова, «Білім және ғылымда» Гүлдана Хабдуллина, «Мәдениет пен өнерде» Антон Боков көзге түссе, «Рудный сандық телеарнасының» директоры Анна Шендерская «Жас көшбасшы», ал «ССКӨБ» АҚ электр-жөндеушісі Андрей Алиферец «Жас маман» аталымына лайық деп танылды.dxt22QAuXfI
Аты аталған жастардың қайсысын алып қарасақ та, «сен тұр мен атайын» дейтін сайыпқырандар. Мәселен «Білім мен ғылым» аталымын жеңіп алған Гүлдана Хабдуллина Рудный индустриялық институтының түлегі. Елімізбен қатар Ресей, Латвия және Түркия елдерінде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. Сондай-ақ, студенттік шағында қалалық, облыстық дебат ойындарында, көркемсөз оқу және ән сайыстарында топ жарып, қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласты. Қазір «Асар» ғылыми-тәжірибелік орталығында сарапшы болып қызмет атқарады.гулдана
– Бүгінгі кеште осындай марапатөа ие болып отырғаныма өте қуаныштымын. Әрине, ешқандай еңбек марапатпен өлшенбейді. Біз Елбасы айтқандай, «қоғамның қозғаушы күші» деген атаққа әбден лайық болып, кез келген салада адал еңбек етуіміз керек. Сонда ғана еліміз өркениетті, дамыған елдердің қатарына қосылады. «Мен жанбасам жалындап, сен жанбасаң жалындап, ол жанбаса жалындап, аспан қалай ашылмақ» дегендей, жастарды жастық жалынын пайдалы істерге бағыттауға шақырамын, – дейді ол.
«Алтын кітапқа» енген алғашқы алтылықтың есімі белгілі. Бұл кітап жыл сайын түрлі салада көзге түскен 14-29 жас аралығындағы үміткерлермен толығып тұратын болады. Ендеше, жастарға сәттілік!
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓