Қостанайлық кәсіпкерлер Миландағы EXPO-2015 көрмесіне қатысуы мүмкін

Еліміздің Ішкі сауда-саттық палатасы қостанайлық кәсіпкерлерге Қытай, Ресей және Итадияда өтетін халықаралық форумға қатысуды ұсынып отыр. Жергілікті кәсіпке коммерциялық әріптестер тауып, Қазақстанға қосымша инвестиция әкеледі деп сенеді Палата ұжымы. 
expo_milanoҚазан айының 15 жұлдызынан, қарашаның 4-не дейін Гуанчжоу қаласында 118-ші Кантон жәрмеңкесі өткізіледі. Аталмыш іс-шара Қытайдағы ең танымал және  көнеден келе жатқан жәрмеңке. 1957 жылдан бастап жылына екі мәрте өткізіліп келеді. Көрме үш түрлі өнімдерге бағытталады: біріншісі  – жарық беру мен электронды заттар, екіншісі – керек-жарақ құралдар, үшіншісі – тоқыма және медициналық тауарлар. Ішкі сауда-саттық палатасы қазақстандық кәсіпкерлерді ВИЗАмен қамтамасыз етіп, 5 жыл бойы жәрмеңкеге тегін қатысу мүмкіндігін сыйламақ. Арыз қабылдау 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Сонымен қатар, палата іскерлік миссия да ұйымдастырып отыр. Ол қазанның 5 мен 9 аралығы Италияда өтеді. Миссияның мақсаты – инвестиция мен жаңа технологияларды Қазақстанға әкелу. Италия кәсіпкерлерімен тығыз байланыс орнату. Жоспар тізімінде қазақ-италян бизнес-форумын арттырып, Business to Business форматында әр түрлі өндіріс кәсіпкерлерінің кездесуін ұйымдастыру. Сондай-ақ, «EXPO Milano 2015» көрмесін аралау бағы бұйырмақ. Бұл туралы мәліметті Қостанай облысының кәсіпкерлер Палатасының аймақтық және халықаралық әріптестік бөлімінің бастығы Роберт Юсупов хабарлады.
 
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓