Өріс кеңейе түседі
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігінің отырысын өткізді. Жиында халықтың жеке қосалқы шаруашылықтардың қажеттіліктері үшін жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендету тұрғысында қабылданып жатқан шаралар талқыланды.Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл халқына мал жаю үшін жайылымдық алқаптардың қолжетімділігін арттыру мәселелеріне қатысты тапсырмасын орындау үшін облыста бірқатар іс-шара жүргізіліп жатыр.
«Облыс халқының шаруашылықтарында 335,6 мың мал басы бар. Ал ауылдық елді мекендердегі жайылым көлемі – 1 млн. 294 мың гектар. Қолға алынған іс-шаралар нәтижесінде облыста жетіспеушілігі байқалған 587 мың га өріс тапшылығы 300 мың га-ға дейін төмендеді», – дейді облыс әкімі.
Отырыс қорытындысында аймақ басшысы өңір әкімдеріне халықты және жеке қосалқы шаруашылықтарды жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.