COVID-19: +64
20 ақпанда Қостанай облысында коронавирус 64 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 28, Рудный қ. – 17, Федоров ауданында – 8, Әулиекөл және Қарасу аудандарында – 5, Жітіқара қ. – 1 адам.
61-і өз бетінше жүгінген кезде, 2-і коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1-і алдын алу мақсатында тексерілді.
61 адамда ауру белгілері бар, 3 адамға симптомсыз түрі тән.
Қостанай облысы бойынша 2020 жылғы 3 сәуір мен 2022 жылғы 20 ақпан аралығында COVID-19 53 022 адамға жұққан. Сауыққан науқастардың саны – 51446.
2021 жылы 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 356 604 адам, екінші компонентпен 340 197 адам вакциналанды.