«Қола» жүлде “Қостанай таңында”!
Жақында Қостанайда шағын футболдан журналист, белгілі ақын Тұрсынмәмет Бұқабаевты еске алуға арналған дәстүрлі турнир мәреге жетті. Осымен бесінші мәрте өткізіліп отырған шара биыл қайырымдылыққа үн қосты.
Яғни, жиналған қаржы бүйректің қатерлі ісігіне шалдыққан қостанайлық Бауыржан Нұрсұлтанов есімді науқас баланың ем-домына жұмсалады.
Турнирге "Qostanai" телеарнасы, "Qostanai Tany" және "Наш Костанай" газеттері, "Aq Jol" партиясы, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ және Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ, Затобол кентінің құрама командасы және журналист Тұрсынмамет Бұқабаев достарының командасы тәрізді 8 команда қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Тұрсынмәмет Бұқабаев 2010 жылы 25-мамырда кенеттен қайтыс болды. Ол әр жылдары "КН" радиосында, "Жас Алаш", "Айқын" және т. б. Газеттерде, «Хабар» агенттігінде меншікті тілшісі болып жұмыс істеді.
Турнирде бірінші орынды ақын-журналист Т.Бұқабаевтың достары, екінші орынды ҚМУ, үшінші орынды біздің жігіттер – облыстық "Qostanai Tany"газетінің командасы иеленді.
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ