96 мың адам қайта екпе жасатқан

Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.
Штаб жиынында Қостанай, Арқалық және Рудный қалаларының, сондай-ақ Қостанай және Жітіқара аудандары әкімдері эпидемиологиялық ахуал жайында баяндама жасады. Сондай-ақ, жалпы облыстағы жағдай туралы соңғы мәліметтер жария етілді.
Мәлімет бойынша, қазіргі уақытта облыс көлеміндегі инфекциялық кереуеттердің жүктемесі 27,4%-ға тең. Бас-аяғы 370 адам емделіп жатыр. Бірінші компонентпен 356 342 адам екпе алып, екінші сыңарын 340 023 адам қабылдаған.
Pfizer вакцинасымен жүкті және бала емізетін әйелдерді, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді егу жалғасып жатыр. Сонымен қатар, 96 410 адам ревакцинациядан өткен, осы бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда ұсталып отыр.
Облыста тұрғындарға екпе алудың пайдасы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді.
«Вакцинацияға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ облыстың әрбір тұрғынына екпе алуға кеңес беремін. Коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаңыз, өзіңіздің және жақындарыңыз бен туыстарыңыздың денсаулығына қамқор болыңыз», – деп жазды облыс әкімі «Инстаграм» желісіндегі парақшасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓