КВИ: апта есебі

Алдыңғы аптамен салыстырғанда өткен жетіде коронавирустың таралу қарқыны біршама төмендеген. Қазіргі эпидахуал мен вакцинация жөнінде 18 ақпанда ӨКҚ алаңындағы брифингте айтылды.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Юрий Севостьянов жұмаға дейінгі жағдайды мәлімдеді.
Оның айтуынша, облыста КВИ 105 адамға, оның ішінде 18 бала (17%) жұққан. Балалар арасында аурудың анықталу пайызы жоғары қалпында қалып отыр.
Бүгінде өңірге вакцинаның бірінші компонентінің 558 мың 390 дозасы және екінші компонентінің 558 мың 930 дозасы, сондай-ақ ревакцинация жүргізу үшін «Спутник Лайт» вакцинасының 5 мың дозасы жеткізілген.
«356 мың 58 адам немесе вакцинациялауға жататындардың 59,8% вакцинацияланды (әуелі жоспарда 505 мың 68 адам болса, қазір – 595 640 адам). Оның ішінде екінші компонентпен 339 мың 706 тұрғын немесе 57,0%. Вакцинацияны жүргізуге тиісті оқытудан өткен 426 медицина қызметкері жұмылдырылған», – деп атап өтті облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Гүлнар Оспанова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓