Қарқын алып келеді

Қазақстанның машина жасау зауыттары жақында өндірістік алаңдарға барғысы келетіндерді қабылдауға дайын екенін жариялаған болатын. Бүгін Қостанайға ірі кәсіпорындардың жетістіктерін бақылауға Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев бастап, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен журналистер келді.
Қостанайдың өндірістік кластеріне "СарыарқаАвтоПром" автомобиль зауыты, "АгромашХолдинг KZ" ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыттар және "Қостанай трактор зауыты" кіреді. Көп ұзамай бұл қатарлар "KamLitKZ"жүк көліктеріне арналған шойын құю және негізгі берілістер шығаратын екі зауытты толықтыратын болады.
Өткен жылғы зауыттардың жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Мәселен, "СарыарқаАвтоПром" өзінің жылдық көрсеткішін 60 мыңнан астам автомобильге дейін шығарып, 50% өсімді көрсетті әрі қазақстандық нарық үлесінің 61%-ын иеленді. "АгромашХолдинг KZ" зауыты өткен жылы 530 трактор мен 406 комбайн шығарып, өз қуаттылығын 27%-ға арттырып отыр. Зауыт цехтары компоненттерді, тораптар мен агрегаттарды өндіруге ерекше назар аударады. 2021 жылы олардың 597 атауы игерілді.
Қостанай машина жасаушыларының ағымдағы жылға арналған жоспарларында іске асырылатын міндеттер көп. Шетелдік серіктес-инвесторлармен бірлесіп, өңірде Chevrolet Nexia (қуаттылығы – жылына 30 мың дана), Kia Sportage (жылына 15 мың дана) және Lada Granta (жылына 10 мың дана) автомобильдерінің CKD (ұсақ торапты) өндірісі іске қосылатын болады. Ауыл шаруашылығы техникасында да өндірісті жергіліктендіруді жалғастырады – қазірдің өзінде өнімдегі жергілікті қамту үлесінің деңгейі 34-тен 43,3%-ға дейін, тұқым сепкіштерде 75%-ға дейін өзгеріп отыр.
Машина жасаушылардың өздері жаңа кадрларды даярлау әрбір кәсіпорын үшін басым міндеттердің бірі болып табылатынын атап өтті. Бұл пікірді Ресейдің ірі автомобиль корпорациясы "КАМАЗ" ЖАҚ та бөлісіп отыр, онымен бірге Қостанайда компоненттер шығаратын зауыттар салынуда.
Зауыттар Қостанай автомобиль көлігі колледжімен белсенді жұмыс жүргізуде, онда қазірдің өзінде дуальды нысан бойынша жаңа мамандықтар енгізілді және оқу орнын мемлекеттік тілдегі техникалық және бейіндік әдебиеттермен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓