Әрекетсіз берекет жоқ

Мен әрқашан алға қарап, болашақ туралы ойланғанды жөн көремін. Өткен шақ мені өсуге және дамуға көмектесетін тәжірибе ретінде ғана қызықтырады. Осыған байланысты Президенттің сұхбат барысында айтқан сөздері маған осы тұрғыдан түсінікті және көп пікірімен келісемін.
Тарих сабақтары және еліміздің отыз жылдық даму кезеңі бізге қателіктерді қайталамау және кейінгі ұрпақтың біз үшін және біздің жұмысымыз үшін ұялуына себеп болмау үшін не істеуіміз керегін және әрі қарай қалай жұмыс істеу қажетін түсінуге көмектесуі тиіс.
Мен Президенттің кадрлық саясат жөніндегі пікірімен де толық келісемін. Шешімдер қабылдауға және олар үшін жауапкершілік алуға дайын, халықтың сеніміне ие жаңа көзқарасы бар, дайындығы мықты, білігі биік, ең бастысы, толыққанды адамдарды қайдан табуға болады? Бұл тіпті кішкентай компаниялар үшін де үлкен мәселе. Ал бұл жерде әңгіме мемлекеттік деңгей жайында, миллиондаған адамдардың тағдыры үшін жауапкершілік туралы болып отыр. Менің ойымша, Президент дұрыс айтады, далада жатқан кадр жоқ, мүмкіндігінше көп маманды сақтау керек, олардың көпшілігі біздің есебімізден оқытылып, ұзақ уақыт бойы ел бюджетінен жалақы алды. Алайда Президент командасындағы адамжардың бәрі бірдей қысқа мерзімде санасы мен ойлау жүйесін өзгерте алар дегенге күмәнім бар. Бірақ, мүмкін, бұл жақын арада елдегі өзгерістерді жаңа деңгейде сақтап, басқаратындардың және өз орнын неғұрлым дайын адамға бере алмайтындың критерийіне айналады.
Қ.Тоқаевқа берген сұхбаттағы өзім үшін ең маңызды саналған тұсына тоқталар болсам, бұрын айтқанымдай, мені балалар мен жастарға деген көзқарас алаңдатады. Осындай маңызды, саяси мазмұнды әңгімеде Президенттің өскелең ұрпақпен жұмыс істеудің маңыздылығы туралы бөлек айтқаны көңілден шығады. Бұл мәселеде мен оны толығымен қолдаймын және барлық реформалар қазақстандық балалардың тағдырына қамқорлық жасауға бағытталуы керек деп ойлаймын. Сонда ғана біздің әрекетімізде берекет болады деп ойлаймын.
 
Гүлмира Қапенова,
облыстық мәслихат депутаты

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓