Әлеуметтің әлеуеті артарына сенім зор

Президент қаңтар айында жаппай наразылықтар қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің төмендігі мен әлеуметтік теңсіздікке байланысты туындағанын айтты. Мен Президенттің халықтың табысын арттыру жөніндегі бастамасын толық қолдаймын. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары қабылданады: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары және тағы басқалар. Ал ең бастыс, әлеуметтік саладағы барлық шараларды қамтитын әлеуметтік кодекс әзірленеді.
Сұхбаттың негізгі өзегі – біздің Президент халқының үніне құлақ асады және қолдайды, оның барлық мәселелерін біледі деген тезис. Оның мына бір соңғы сөздері маған ерекше әсер етті:
"Мен азаматтарымызға жүгінгім келеді: бұл әлемдегі қазақтардың тағдырын тек өзіміз шеше аламыз. Бізде бір ғана мемлекет бар – Қазақстан. Бұл біздің қасиетті Отанымыз. Басқа Отанымыз жоқ. Отанды қорғау, халықтың әл-ауқатына қамқорлық жасау – әрбір азаматтың парызы. Біз мұны әрдайым есте ұстауымыз керек. Мен қазақ халқына бақ-береке тілеймін", – деді Мемлекет басшысы.

Әлия Мекебаева,
Қостанай облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары