Болашаққа сеніммен қаратады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан" ұлттық арнасына берген сұхбатын көріп шықтым. Аталған сұхбат бойынша азаматтық көзқарасымды айтқым келеді. Журналист сұрағы батыл, түсінікті әрі халықтың тілінде қойылды деп ойлаймын. Мемлекет басшысы қоғамда қызу талқыланып жүрген мәселерді ашып айтты. Мемлекеттік мәселе мемлекеттік тілде айтылу керек деп атап кетті. Адам құқығы, заң үстемдігі, экономикада саясатта монополияны жою, халыққа ашық болу, кадр саясатының маңыздылығы сынды ауқымды пікірлермен бөлісті. Әсіресе "Жаңа Қазақстанды" құруда жастарға зор сенім артылатынын ерекше жеткізді. Мемлекеттік басқару саласына жаңа мамандар тарту Тоқаев саясатының басты бағыты болып отыр. Жастарды еңбекқор, адал еңбек ету, масылдыққа, бой алдырмауға меңзеді. Көптің ойынан шыққан, қоғам үрейін, күдігін сейілткен, болашаққа сенімен қаратқан сұхбат болды деп ойлаймын.
Амангелді Ахметжанов,
Арқалық қаласы Жастар ресурстық орталығының директоры

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓