Бірлік пен келісімге негізделген


Сонымен қатар, тарих ғылымдарының кандидаты Валерий Вишниченконың «Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің концептуалдық негіздері» монографиясының тұсаукесері өтті. Мемлекеттік қызмет ардагерінің бұл еңбегінде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің концептуалдық негіздерінің пайда болу тарихы, қалыптасуы мен мазмұнының тереңдеуін есепке ала отырып, бұған дейін жарық көрген ғылыми басылымдар мен материалдарды топтастырған.

1995 жылы наурыз айында Қазақстан Президенті жанындағы кеңесші орган ретінде, ұлтаралық қатынастар бойынша ауқымды құқықтық мәртебеге ие Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) құрылды. Оның құрылуы қоғамдағы үйлесімділікті, ұлттық және дінаралық келісімді сақтау мен одан әрі нығайту ниетінен туындаған еді.
-Алғашқы құрылған кезінде Ассамблея даму стратегиясын айқындап, республика деңгейіндегі құрылымын қалыптастырды. Бұл ұйым ұлттық-мәдени бірлестіктерді, кіші ассамблеяларды біріктіріп, олардың жұмысын үйлестіре отырып, мемлекеттің ұлттық саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқаруда. Ассамблея бүгінгі таңда қоғамдағы топтастырушы және біріктіруші күшке айналып отыр, – деді В.Вишниченко.

Оқу құралы студенттер, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, педагогтер, ғалымдар, сарапшылар, зерттеушілер мен тарих және этносаралық қарым-қатынас мәселелеріне қызығушылық танытатын барлық оқырманға арналған.