Қ.Тоқаев: “Мемлекет мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек”

Мемлекеттің мүддесіне қатысты мәселені мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Бұл жөнінде «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Сұхбатта телеарна тілшісі Мемлекет басшысының алғашқы сұхбаты орыс тілінде болғанын айтып, оның да мәнісін сұрады.
"Ешқандай менсінбеушілік емес деп айтуға болады. Көптеген арна осыған дейін менен бірнеше рет сұхбат беруді сұраған. Мен олардың ешқайсысына келіскен жоқпын. Кейін «Хабар» арнасына ғана сұхбат беремін деп шештім. Себебі ел ішінде көптеген жалған ақпарат тарап жатты. Соларға тоқтау салу керек болды. Ол сұхбат ең алдымен әлем жұртшылығына Қазақстандағы ахуал жөнінде шынайы ақпарат беру үшін жасалды. Содан кейін шетелдік ақпарат құралдары сұхбатымды кеңінен таратып, барынша пайдаланды. Қалай болса да, орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 ресми тілінің бірі. Оны мойындауымыз керек. Ал қазақ тіліндегі сұхбаттың өз аудиториясы бар. Жалпы мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан ең алдымен өзіміз оған құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓