Қазіргі эпидахуал

Қостанай облысында коронавирус індетіне шалдыққан балалар көбейіп барады. Бүгінде 884 балада вирус белгілері байқалған.
Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен кезекті брифингте өңірдегі эпидахуал және вакцинация туралы соңғы мәліметтер айтылды.
Спикерлер: Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Юрий Севостьянов.
10 ақпанда облыста КВИ-ді 205 адам вирус жұқтырған, оның ішінде 58-і бала. Спикерлер бұл үрдіс бірнеше апта бойы қайталанып келе жатқанын, балалар жиі ауыра бастағанын тілге тиек етті.
«Дәрігерлердің бақылауында 884 бала бар, оның 33-і стационарда емделуде. Ал жүкті әйелдердің жұқтыруы азайған. Карантинде 136 әйел жатса, олардың тоғызы ауруханаларда. Жансақтау бөлімшесінде жеті адам бар, бәрі де аппаратпен дем алып жатыр. Бұл пациенттердің 90%-нда созылмалы аурулар бар», – деді Анжела Бексұлтанова.
Ол «омикрон» штамының қауіпті екенін, сондай-ақ індеттің белгілерін де еске салды.
«Анемия, жүрек соғысының әлсіреуі, аритмия, өкпе ісінуі, тері бөртпелері, бүйрек ауруы, талып қалу, тремор, құрысу да пайда болуы мүмкін. Сол себепті қостанайлықтарды екпе алуға шақырамын», – деді спикер.
Қазір емханаларда QazVac және Vero Cell, сондай-ақ жүкті, бала емізетін, жасөспірім және 60 жастан асқан адамдарға арналған Pfizer вакциналары бар. «Спутник», «Спутник Лайт» препараттары да әкелінеді.
Өткен аптаның аяғына дейін 90 мыңға жуық қостанайлық қайта вакцинациялаудан өтті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓