“Халық қатысатын бюджет”: жоба жалғасады

Қостанайда "Халық қатысатын бюджет" жобасының үшінші маусымы басталады. Қала әкімдігі 20 ақпаннан 10 наурызға дейін тұрғындардан туған шаһарын көркейту жөнінде ұсыныстар қабылдайды. Іріктеуден өткен үздік жобалар келесі жылы жүзеге аспақ. Естеріңізге сала кетейік, жобаның мақсаты — қаланы дамыту және абаттандыру ісіне қала тұрғындарын қатыстыру, бастамалары мен ұсыныстарын сараптап, ілкімділерін іске асыру. Қостанайлықтарға жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуға тағы да мүмкіндік берілгелі отыр. Облыс орталығының кәмелет жасқа толған кез келген тұрғыны өз жобаларын қала әкімдігінің сайтына жолдай алады.
"Нақты ұсыныстар қабылданғаннан кейін сараптамалық кеңес олардың талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізеді. 25 наурызға дейін талдау жүргізіледі, содан кейін барлық талапқа сәйкес келетін ұсыныстар халық дауысына салынады. Дауыс беру 24 сәуірге дейін жалғасады", – дейді Қостанай қаласы әкімдігінің бөлім басшысының орынбасары Зайра Ещанова.
Қатысу үшін сайтта өтінім толтыру, жобаның атауын, оның сипаттамасын, объектінің мекенжайын көрсету, эскиз бен сметаны бекіту қажет болады. Жоба сомасы он мың АЕК-тен аспайды. Биыл бұл 30 миллион теңгеге дейін деп белгіленіп отыр. Сондай-ақ, нысанның дәл қазіргі жай-күйінің фотосуреттері жолдануы тиіс және азаматтарға қалауы бойынша презентация жасауларына болады. Мысал ретінде айтсақ, "Халық қатысатын бюджет" аясында жүзеге асырылған соңғы жобалардың бірі – иттерді серуендетуге және үйретуге арналған алаң. Оған 4 миллион теңге жұмсалған.
"Біз мына іс-шаралар бойынша ұсыныстар қабылдай аламыз: аумақты көгалдандыру, тротуарлар төсеу, пандустар орнату, арықтарды, жалпы пайдалану орындарын жөндеу, саябақтарды, скверлерді жайластыру, жаяу жүргіншілер аймақтарын қалыпқа келтіру, жиектастарды, кеспе тастарды жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, жалпы пайдалану орындарында күркелер орналастыру. Сондай-ақ, бұлардың қатарында спорт және балалар алаңдарын абаттандыру бар", – дейді Ещанова.
Айта кетейік, сараптамалық кеңес құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдар кіреді. Сондай-ақ, биыл таңдалған жобалар келесі жылы жүзеге асырылады. Ал осы жылы қалада қостанайлықтар 2021 жылы ұсынған бес жоба пайда болады. Бұлар – спорт және ойын алаңдары.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓