Жүзден төмендемей тұр

28 қыркүйек Қостанай облысында коронавирус 104 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 46, Рудный қ. – 11, Қостанай ауданы – 10, Б.Майлин, Әулиекөл, Денисов және Мендықара аудандарында – 7, Лисаков қаласы және Алтынсарин ауданында – 3, Жітіқара қ. – 2, Қарабалық ауданында – 1.
95 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 9 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 100 адамда ауру белгілері болды, 4 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 28 қыркүйек аралығында COVID-19-ды 33 219 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 29 055.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 317 343 адам, екінші компонентпен 286 139 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓