Ахаң мұрасы – балдырғандар көзімен

Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай мемлекетімізде бастау алған іргелі іс-шаралардың ізімен Арқалық қаласындағы Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының атындағы бастауыш гимназиясы да өзіндік үн қосты.Білім шаңырағында оқушыларға ақын, жазушы,публицист,ғалым бабаларының өмірі мен шығармашылығын таныстырып, үлгі ету мақсатында онлайн және офлайн форматта бірнеше білім безбендері мен тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.Instagram әлеуметтік желісіндегі гимназияның жеке парақшасында видео арқылы ақынның шығармаларын жатқа оқыған балалардың бейне жазбалары лек-легімен жарияланып, қала жұртшылығына жол тартты. Ғалымның ел тарихында атқарған баға жетпес жан-жақты істерін жас ұрпақ біліп, бой түзеп өсуі тиіс деген негізде мектептегі он күндік аясында бастауыш сыныптар арасында олимпиада ұйымдастырылып, оған 3 «Ә» сыныбынан Алмас Аружан мен Фазылхан Айзада есімді балалар қатысып, Фазылхан Айзада қалалық олимпиадаға жолдама алды. Сондай-ақ, көрсем, білсем деген шәкірттер үшін жазушының мысалдарын бейнелеуден сайыс ұйымдастырылып, үздік шыққан жұмыстарынан көлемді қолөнер көрмесі қойылды. Оған осы сыныптан Қуанышбек Мирас «Құтырған қасқыр», Сәрсенғали Сағи «Маймыл мен көзілдірік», Аңсаған Томирис «Аққу, шортан һәм шаян» мысалдарын бейнелесе, Дәулеткерей Бақыт «Өгіз бен бақа» аудармасын жіппен кестелеп тігіп шықты.Шығармашылық жұмыс барысында тек қана ұл-қыздарды өнерге баулып қоймай, ата-аналармен де тығыз байланыс жасалып, үш жақты ынтымақтастық арттырылды. «Ахмет Байтұрсынұлы –ұлт ұстазы» тақырыбымен аталмыш сыныпта өткізілген тәрбие сағатында да оқушылар бейне тақта арқылы тұлға турасында ақпараттандырылды.Тағылымдық сағат барысында ақынның шығармалары оқылып, өлеңдері жатқа айтылды.Талапты оқушылар кластер әдісімен әліпби атасы туралы білімдерін ортаға салды.Ізгілік жолындағы ұстаздар еңбегінің нәтижесі сол балғындар білімнің бастауы бастауышта тап осындай тәрбие-білімнен сусындап, жаңалыққа жаршы, жақсылыққа жақтас болып өсіп келеді.
 
Гүлбақыт Дүйсенбина,
А.Байтұрсынов атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓