Нарық сұранысы – сапалы маман

Қоғам мен  экономиканың талаптарына сәйкес еңбек нарығын білікті мамандармен қамту бүгінгі  күн талабы.  Сондықтан да  техникалық және кәсіптік  білім беру жүйесінің маңызы зор болып отыр. Ал, колледждеріміз бен кәсіптік мектептеріміз  нарықтың сұранысына сай мамандар даярлап жатыр ма деген сауал  туындары сөзсіз. Міне, осы мәселе облыс әкімі Архимед Мухамбетовтың жетекшілігімен өткен  аппарат  мәжілісінде  кеңінен әңгімеленді.
   

vaE-5nOeU5o

 Қостанай облысының білім саласындағы бақылау департаментінің жетекшісі Бәтима Даумованың айтуынша,  облыстағы 41 колледжде 25 мыңнан астам студент жастар шамамен 85 мамандық бойынша білім алады. Сараптама көрсеткеніндей облыстағы  колледждеріміздің дерлігі алты бейіндік бойынша  яғни студенттердің 47,9%  бейіндік мамандық бойынша білім алады. Жергілікті органдар тарапынан  мамандар даярлау үшін жүзеге асырылып отырған   мемлекеттік білім беру  тапсырысы да  мектеп бітірушілерді   техникалық мамандық алуға жол ашып отыр. Мысалы, колледждерімізде  2015 жылғы мемлекеттік білім беру  тапсырысы бойынша 5811 студент жас білім алуда.  Жылдан жылға  оқу орындарының материалдық техникалық базасы жаңарып,  жаңа оқыту жүйесі  енгізілуде.  Осы арада колледждеріміздің  білім беру қызметінің сапасы қандай деген сұрақ өзі-өзінен туындайды.   Баяндамашының айтуынша,   мемлекеттік аттестаттаудан  он жеті колледжіміз өтіп,  он алты колледжіміз өтпеген яғни облыстағы әрбір екінші колледж мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша  бір  я  бірнеше мамандық бойынша өтпей отыр. Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша  аттестаттаудан өтпеген  он бес колледждің лицензиясы тоқтатылып,  жалпы сомасы 660  айлық  есептік көрсеткіш  көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Ал, аттестаттаудан өтпеген, жіберген кемшіліктерді жоймаған Науырзым ауылшаруашылық колледжінің  әкімшілік ісі  сотқа жіберілді.  Мамандықтар бойынша аттестаттау қорытындысының  сараптамасына жүгінсек, аттестаттаудан  көбіне  қызмет көрсету, экономика және басқару, құқық  мамандықтар өтпеген. Қазіргі кезде ТжКББ  жұмысындағы басты  проблема ол,  жаңа мамандықтар мен  біліктілік лицензиясына қосымша алуға   жүйелі және  мақсатты түрдегі жұмыстың жоқтығы.  2015 жыл бойы департаментке   білім беру қызмет лицензиясына   қосымша алу үшін 29 ТжКББ  өтініш жасады, олардың  жиырма бірінің өтініш қабылданбады,  6 колледжге  қосымша берілді.  Сол секілді  ТжКББ ұйымдарында  нақты  дамыту стратегиясы жоқтың қасы, сондықтан да кейбір колледждеріміз  нарықта сұранысы жоқ мамандықтар бойынша мамандар,  заңгер, педагог-ұйымдастырушы,  құрастырушы даярлауда. Және де  арнаулы  пәндер бойынша  кабинеттер, оқулықтар әсіресе,  ауыл-селодағы колледждерге инженерлік-педагогикалық жетіспейді. Кейбір колледждерімізде  студенттер саны аз.  Эксперимент ретінде  дуалдық  оқыту жүйесі  тоғыз мамандық бойынша  он сегіз колледжге енгізілуде. Жекеменшік колледждерімізде  нарықта сұранысы жоқ мамандықтар бойынша  мамандар даярлануда.  Өткен жылғы сараптама бойынша  облыс колледждерінде  1500 адам құқықтану  мамандығы бойынша білім алса,  бар жоғы 500 электр дәнекерлеуші даярланған. Жеке меншік колледжде әрбір бесінші студент «заңгер кеңесшісі», әрбір алтыншы «бухгалтер, экономист» даярланады. Өткен жылғы  оқу жылында (7 колледжде) мемлекеттік тапсырыс бойынша да  өңірдегі  еңбек нарығында сұранысы жоқ  мамандықтарға тапсырыстар берілуде. Облыс әкімі   баяндамашыны тыңдай келе, мәжілістің хаттамасына   облыстық білім басқармасы ТжКББ ұйымдарының білім беру қызметі бойынша  сараптама жүргізу,  жұмыс берушілердің  жүйеленген сұранысы бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, техникалық, технологиялық,  ауыл шаруашылық мамандықтар мамандар даярлау, және ТжКББ ұймдарынның мамандар даярлауға қатысты  басқа да мәселелерді қарастыру қажет деп жазылсын деді.
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓