Жеткіншекті ауруханаға жеткізді

Амангелді ауданында құтқарушылар қар ішінде қалған қыстауда науқасқанған баланы ауруханаға жеткізуге жәрдемдесті. Бұл туралы аудандық "Амангелді арайы" газетінің "Фейсбук" желісіндегі парақшасында жазылды.
"9 ақпан күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесіне жедел көмек сұраған қоңырау келіп түсті. Қоңырау шалған Байғабыл ауылдық округінің әкімі Асхат Зейнолдин болатын. Ол қардың қалың жауып, жолдың болмауына байланысты округке қарасты Смайыл елді мекеніндегі баланы дереу ауруханаға жеткізу керек екенін айтты. Қар жарты метрге дейін қалыңдықта болғандықтан, кез келген көлік жүре алмайды. Сондықтанда төтенше жағдайлар бөлімінің 3 қызметкері «Нива БРОНТО» маркалы өтімділігі жоғары техникамен 17 шақырым жол жүріп, сағат 15:25-те қыстауға жетті", – деп жазады "Амангелді арайы" басылымының тілшісі.
Ал, ауыл тұрғыны сырқат баланы анасымен ауыл ішінен трактормен алып шыққан. Құтқарушылар оларды қарсы алып, көліктеріне отырғызып, бір сағатқа жетер-жетпесте бала ауруханаға  жеткізіпті. Осындай жедел көмектің арқасында баланың денсаулығына қатер төніп тұрған жоқ. Ішек инфекциясы диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Казіргі таңда жеткіншек ем қабылдап жатыр.
"Биыл ауданда қар қалың түсіп, техникалар жолдарды тазартып үлгіре алмай жатыр. Осы жағдайды пайдаланып, ауыл азаматтары түрлі видеолар түсіріп, таратып жіберіп жатыр. Түймедейді түйедей етудің қандай қажеттілігі мен пайдасы бар?" – деп пікір білдіріпті автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓