“Тобылда” жаңа ойыншы

Қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев биыл қостанайлық «Тобыл» футбол клубының намысын қорғайды. Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

В.Васильев 1997 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үлкен футболға қадамын қарағандылық «Шахтер» командасында бастап, 2015-2017 жылдарда 23 ойын өткізді. Одан кейін Беларусьтің «Энергетика-БГУ», «Рух» командаларының жейдесін киді. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 2021 жылдың шілде айынан бері Өзбекстанның «Әндіжан» командасында ойын көрсетіп, 8 кездесуде бір гол соқты. В.Васильев 2020 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы сапында бірнеше ойынға қатысты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓