Сақтану жолы
Өңірімізде Comirnaty Pfizer вакцинасының бірінші компонентін 9530 адам, жүкті әйелдер арасында 16 мен 37 аптаға дейін – 139 адам алса, екі жасқа дейінгі бала емізетін әйелдердің 1789-ына екпе салынған. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Сондай-ақ 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер арасында 7602 адам, екінші компонентті 5723 адам алды, оның ішінде 4511 бала мен жасөспірімдер 12-ден 17 жасқа дейін, 1130 бала емізетін әйелдер, 82 жүкті әйелдер. Ревакцинацияны 83 646 адам алды, – делінген департамент хабарламасында.
Аймағымызда ең алғаш вакцина алған оқу орны – С.Мәуленов атындағы гимназиясының оқушылары. Бұл білім ордасында 16 шәкірт екпе салдырған.
– Оқушылар арасында интернет арқылы және бейне роликтер көрсету арқылы үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қостанайдағы №2 емхананың эпидемиолог дәрігері ата-аналармен кездесу өткізді. Бұрын полимерия, дефтерия, қызылша, басқа да жұқпалы ауруларды вакцинамен жеңіп шықтық қой. Қазір ондай дерттер жоқ. Сол себепті, вакцина алып, ұжымдық иммунитет қалыптырғанда ғана осы кеселді жеңеміз, – деді гиназия медбикесі Ажар Бекішева.
Осы білім шаңырағының 10 «А» сынып оқушысы Думан Хайролла екпені өзінің денсаулығы үшін де, айналаның қауіпсіздігі үшін де алғанын айтады.
– Өткен жылдың 23 қарашасында Comirnaty Pfizer вакцинасын салдырдым. Бұл шешіміме ата-анам келісімдерін берді. Өзім 16 жастамын әрі ересек өмірге қадам басып келемін. Маған өзімнің, жақындарым мен достарымның денсаулығы маңызды. Өмір сүріп отырған қоғамымыз үшін жанашыр болуымыз керек.