Аналар да, балалар да егіліп жатыр

Қостанай облысында 337 мың адам коронавирусқа қарсы екпенің толық компонентін салдырды. Ал 85 мыңдай тұрғын ревакцинацияға барды.
 
Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, осы аптаның басына дейін Pfizer вакцинасын өңірде 10 мыңға тарта адам салдырған. Оның 139-ы жүкті әйел, бала емізетін 1789 ана және 7602 жөсөспірім бар.
Облыс орталығында вакциналау жұмысы қалай жүріп жатыр? Осы сұрақпен №2 емханаға хабарласқан едік. Эпидемиолог-дәрігер Инна Соколова қазір келушілерден екпе туралы жағымды пікірді көбірек еститінін айтады. Мұнда 8 ақпанға дейін екпенің бірінші компонентін 20 мың 948 адам, толық курсын 20 мың 64 адам алған.
«Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 204, екіншісін 156 адам салдырды. Олардың ішінде 105 жеткіншек, бір аяғы ауыр әйел, бала емізетін 88 ана бар», – дейді Инна Соколова.
Ревакциналауға ниет білдірушілер қатары көбейіп келеді. Аталған емдеу мекемесінде 3 мың 94 адам салдырған. Оның көбі – ақ халаттылар. №2 емханадағы 359 қызметкердің 270-і қайтара егілді.
«Егілем деушілер болса, бізде Vero Cell, Comirnaty, QazVac препараттарының бірінші компоненті бар. Ал екінші компоненттен бұлардан басқа «Спутник V» вакцинасы қалды. Ал ревакциналауға Vero Cell мен QazVac өнімдері қолданылуда», – деді эпидемиолог-дәрігер.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓