«Алтынын» Астанаға арнайды

Биыл елордасы Астанаға – 20 жыл. Еліміздің әр жерінде бұл мерейлі датаға орай іс-шаралар легі басталып кетті. Қостанай облысы орталығындағы №3 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің базасында шаңғы спортынан облыс біріншілігі өтті. Ұйымдастырушылар бұл спорт додасын бас қаланың биылғы мерейтойына арнап отыр.IMG_4454Үш күнге созылған бәсекеге Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара қалалары мен Сарыкөл, Таран, Қостанай ауданынан келген 150 спортшы жарыс жолына шықты.  Жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар: қостанайлық Мария Лофт, Лаура Киныбаева, Иван Василевский, Руслан Дөненбаев және Таран ауданының шаңғышысы Александр Пархоменконы атап өткен жөн. Жарыс төрешілері аты аталған спортшылардың дайындығы мен зор қабілеттеріне жоғары баға берді.IMG_4439-Шаңғыдан облыс біріншілігі жыл сайын өтеді. Бұл жолғысын Астанамыздың 20 жылдығына арнап өткізіп отырмыз. Салауатты өмір салтын ұстанған дәл осы ұрпақ еліміздің болашағы, сондықтан олардың сау әрі отансүйгіш боп өсуі маңызды. Қатысушылар ересектер және жасөспірімдер болып, екі топқа бөлінді. Олар шаңғының классикалық және еркін түрінен бақ сынады. Бұлар – ақ олимпиаданың болашақ чемпиондары. Кез келген спорт додасында бәске рөл ойнамайды, бастысы, балалардың денсаулығының мығым болғаны керек,-дейді шаңғы спортының жоғары дәрежелі төрешісі Дмитрий Платонов.IMG_4429Бүгіндері әлемдік спорт аренасында ел байрағын желбіретіп жүрген Виталий Пухкало, Айбек Байділдинов сынды шаңғышылар да осы №3 спорт мектебінде тәлім алған. Жаттықтырушылар оларды жас спортшыларға үнемі үлгі етіп отырады.   IMG_4502Қытымыр қыстың аязына қарамастан спортшылар үш күн бойы сынға түсіп, төзімділік танытты. Жүлде де лайықты болмақ. Жеңімпаздар алдағы уақытта өтетін ел чемпионатында Қостанай облысының намысын қорғайды.    
-Қысқы спорт түрімен бала күнімнен бері шұғылданып келемін. «Шынықсаң, шымыр боласың» демекші, шаңғының денсаулыққа пайдасы зор. Тынымсыз дайындықтың арқасында биыл бірінші рет «алтыннан» медаль тақтым. Бұл жеңісімді елімнің астанасына арнаймын,-дейді жас шаңғышы Сергей Торгашев.IMG_4505
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓