«Жібек жолы» Қостанайға жетті
«Жібек жолы-2017» халықаралық авторалли қатысушылары Қостанайға келіп жетті. Темір тұлпар тізгіншілері Мәскеуден бастап Қытайдың Сиань қаласына дейін жүріп өтпек. Бұл әлемдегі ең ұзын ралли болып есептеледі, оның қашықтығы – 9068 шақырым. 40 елдің спортшылары Қостанайға дүйсенбіде келіп, әуежай маңында аялдады. Экипаждарды алда әлі ұзақ сапар күтіп тұр.




-«Ивеко» тепе-теңдікті жақсы сақтайды. Бұрылыстарда ауытқымайды. Сәл қысқалығы болмаса, техника өте төзімді,-дейді спортшы.
Бұл спорт көлігіне қостанайлықтар ерекше қызығушылық білдірді. Өйткені, аталмыш компания өнімі біздің қаладағы «АгромашХолдинг» зауытында құрастырылады. Артурдың жүк көлігі әзірге жарап тұр. Ол әуелгі этапта мәреге 6-шы болып жетсе, екінші кезеңде үздік үштіктен көрінді.

-Бұл жақта жер тегіс, ойпаттар аз. Сондықтан спортшыларға қиын соқпады, осы кезеңдерде көрсеткішті жақсартып алу керек. Қонақжайлықпен қарсы алған қазақ бауырларға алғысымды білдіремін,-дейді ол.


Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.