Автонесие: 100 млрд теңге бөлінбек

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлінетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Эконом класындағы отандық автомобильдерді сатып алу үшін жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталады", – деді Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, елорданы өңірлермен байланыстыратын тас жолдарды сәулелік принцип бойынша одан әрі қайта жаңғырту қарастырылған. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, жерге, газға, суға, электр қуатына тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

"Көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының утиль алымы мөлшерлемесі олардың төмендеуіне қарай өзгереді", – деді премьер-министр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓