Банк омбудсманы туралы немесе ипотекалық қарыз бойынша банкке деген талап туындаса, не істеу керек екендігі жөнінде
Ипотекалық несиелеу жө-нінде көпшіліктің естуі бар екендігі күмәнсіз. Ипотека – көптеген ақпаратты талдауды, ықтималды тәуекелдерді жә-не өзінің қаржылық жағдайын дұрыс бағалауды қажет ететін маңызды іс екені белгілі. Бі-реу үшін – ипотека өзінің баспанасында тұруға мүмкіндік беретін бірден-бір құрал. Көптен бері арман еткен баспананы ипотекаға аламын деп, нәтижеде, өзіне жүктеген қаржылық ауыртпалығын сезбей жүрген қарыз алушылар да аз емес. Оның сыртында, әр адамның өмірінде әр түрлі жағдайлар туындау мүмкін: адам мүгедек болып қалуы мүмкін немесе жұмысынан айырылатын жағдай болады, ал тұрып жатқан жалғыз пәтер – банкте кепіл ретінде тұр.
Қазақстан Республикасының "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" Заңына сәйкес, ипотека – бұл кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк немесе ондағы үлесi кепiл берушiнiң немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен пайдалануында қалатын кепiл түрi екендігін бірден ұғайық. Ипотекалық қарыз – жылжымайтын мүлiк ипотекасымен қамтамасыз етiлген банк қарызы, ал жылжымайтын мүлiк – бұл жер учаскелерi, сондай-ақ үйлер, ғимараттар және жермен берiк байланыстағы өзге де мүлiктер, яғни, ауыстырылуы олардың мақсатына шектен тыс зиян келтiрусiз мүмкiн болмайтын объектiлер. Ипотекалық қарыз алушылар мен банктер арасында жиі түрде кездесетін даулар мен сот таластармен қатар саны өсіп келе жатқан банктік қызметтерді тұтынушылар, туындаған келіспеушіліктерді және таластарды сотқа дейін реттей алатын тиімді механизмді қажет етті. Осылай, 2011 жылдың тамыз айынан бастап, елімізде банк омбудсманы институты істей бастады. Банк омбудсманы – деген кім? Банк омбудсманының мәр-тебесі, оны сайлау тәртiбi, оған қойылатын талаптар, сондай-ақ, банк омбудсманының шешiм қабылдау тәртiбi "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген. Осы Заңның 40-1 бабы банк омбудсманына келесі анықтаманы береді: қарыз алушының және банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қанағаттандыру туралы келiсiмге қол жеткiзу мақсатында банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның және қарыз алушы – жеке тұлға арасындағы ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келiспеушiлiк-тердi оның өтiнiшi бойынша реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға. Ипотекалық қарыз шартының тараптары арасындағы келіспеушіліктерді реттеу мәселесін қарастыру арқылы, банк омбудсманы дауға қатысушы жақтардың арасындағы келіспеушіліктерден өтуде тәжірибелік көмегін береді. Сондай-ақ, туындаған сұрақтарды қарастыру процедурасын жеңілдетуді, тездетуді және тиімділігін қамтамасыз етеді. Банк омбудсманы шешiмдi жеке-дара қабылдайды және ол дауға қатысушы тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткiзiледi. Банк омбудсманы шешiм қабылдау кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын және жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады. Банк омбудсманының шешiмi, қарыз алушы оны қабылдаған жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түр-лерiн жүзеге асыратын ұйым үшiн мiндеттi. Банк омбудсманының шешiмiмен келiспеген жағдайда мүдделi тарап өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiнуге құқылы. Банк омбудсманы келіспеушіліктерді ақысыз реттейді. Банк омбудсманы: 1) сот қарауға қабылдаған және (немесе) олар бойынша заңды күшiне енген сот шешiмi бар; 2) өтiнiш берушi адам ипотекалық қарыз шарты шең-берiнде туындаған жағдайды реттеу мақсатында оның банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға жазған өтiнiшiнiң жазбаша дәлелде-месiн ұсынбаған; 3) iстiң жаңа мән-жайлары болмаған кезде қайтадан жiберiлген; 4) сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын ипотекалық қарыз шарты бойынша өтiнiштердi қарамайды. Банк омбудсманы әділдікті сақтауға, бір жаққа артықшылық бермеуге, өз мүделерін білдіру үшін екі жаққа да тең жағдай жасауға, банктiк және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтауға, дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшiншi тұлғаларға жария етпеуге мiндеттi. Қарыз алушы – жеке тұлғалардың ипотекалық қарыз шарттары жөнiндегi мiндетте-мелердi орындау шарттарын өзгертуге қатысты өтiнiштерi бойынша банк омбудсманы тараптардың осы бапта көз-делген шешiмдi қабылдамай-ақ, кездесулер өткiзу және ұсынымдар беру жолымен өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзуiне жәрдемдеседi. Өтiнiштi қарау нәтижелерi мүдделi тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделiп, қарыз алушының және банктiң назарына жеткiзiледi. Банк омбудсманы сайланатын тұлға. Ол екі жыл мерзіміне Өкiлдер кеңесiмен сайланады. Өкiлдер кеңесi ипотекалық қарыз беретiн әрбiр банк және қаржы ұйымының, ҚР Ұлттық Банкі өкілдерінен құрылады. Өкiлдер кеңесiнiң құрамында ипотекалық қарыз беретiн банктердiң, банк операцияларының жекелеген тү-рлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қатысуы мiн-деттi болып табылады. Жүктелген функцияларды тиiсiнше орындау мақсатында банк омбудсманының қызметi өкiлдер кеңесiне кiретiн банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттi жарналары есебiнен қаржыландырылады. Банк омбудсманы өз қызметінде тәуелсіз тұлға. Банк омбудсманының шешім қабылаудағы тәуелсіздігі нақты өтініштер бойынша ешкімге есеп бермейтінімен қамтамасыз етіледі. Банк омбудсманының қызметіне өтініштерді қарау кезінде қандай да бір араласу рұқсат етілмейді. Осылайша, банк омбудсманының қарыз алушыларға ипотекалық қарыздар бойынша банктермен дауларды құқық шегінде шешуге нақты көмек көрсете алатын, екі жаққа да тиімді шешімді қабылдайтын мүмкіндігі бар. 2011 жылғы 27 тамызда өкілдер кеңесінің алғашқы отырысында бірінші банк омбудсманы болып, Сатыбалдин Марат Сағындықұлы сайланған. 2013 жылғы 12 шілдеде өкілдер кеңесінің кезектен тыс өткен отырысында жаңа банк омбудсманы болып, Сиырбаев Ерсерік Дәменұлы сайланды. Е.Д. Сиырбаев 1951 жылы туған. Екі жоғарғы білімі бар. Қаржы-несие саласындағы жалпы еңбек өтілі 38 жылды құрайды. Банктік және карточкалық технология саласындағы бір қатар бағдарламалардың авторы. Мемлекеттік марапаттардың иегері. Е.Д.Сиырбаевтың кеңсесі: 050013, Алматы қаласы, Республика алаңы, 15-үй, 237-кеңсе мекенжайында орналас-қан. Телефондары: +7 (727)-2500-344, 2500-322, +7 (707)-407-01-17, Skype: bank-omb. Қарыз алушылар өз өтініштерін Е.Д.Сиырбаевқа office@bank-ombudsman.kz электронды поштасына жолдауға мүмкіндіктері бар. Банк омбудсманының қызметі жөніндегі толық ақпаратты, сондай-ақ өтінішті қарауға қажетті құжаттар туралы банк омбудсманының www.bank-ombudsman.kz ресми веб-сайтынан алуға болады.
ҚР Ұлттық Банкі Қостанай филиалы.