Утиль алымы айтарлықтай төмендейді

Премьер-министр Әлихан Смайылов көліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдеу үшін алым мөлшерлемелері айтарлықтай төмендейтінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
"Ластаушы заттардың зиянын азайтуға, қалдық және су ресурстарын басқару жүйесін жақсартуға, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру жалғасады. Жұмыс көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларына алынатын кәдеге жарату төлемдерінің мөлшерлемесін айтарлықтай төмендету бағытында қаралып жатыр", – деді Смайылов.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы тұщы суды тұтыну көлемін реттеу және табиғи қоқыстардың көлемін азайту бойынша шаралар жүзеге асырылатынын атап өтті.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓