Қазақстанда Кітапханашы күні пайда болады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мерекелік күндердің тізбесіне қатысты қаулы жобасын даярлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы орайда мерекелік күндердің тізбесіне қатысты жобада мынадай мазмұндағы 37-1 пунктімен толықтырылады:
«37-1. Кітапханашы күні – 22 қазан».
Аталған жобаның мақсаты – кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру. «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатты қоғамдық талқылау биылғы 18 ақпанға дейін жалғасады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓