Облыс әкімі Федоров ауданының ауылшаруашылық тауар өндірушілерін сынға алды

Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сарапымен барды.  Іссапар барысында бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, Вороеж ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізді.
Облыс әкімі Мемлекет шаруа қожалықтарына субсидиялауға көбірек қаражат бөлгенімен,
өнімділік өспейтінін сынға алды.
– Неге біз елді тамақтандырмаймыз? Сіздер жыл сайын көбірек өнім шығаруларыңыз керек, – деді аймақ басшысы. 
Фермерлер бұл мәселеге байланысты субсидиялау мерзімдерін қайта қарау қажеттігін алға тартты.
Жиында жергілікті шаруа қожалықтары иелерімен түйткілді мәселелерді талқылап, Мемлекет басшысының тапсырмаларының жүзеге асу барысын пысықтады. Толығырақ газеттің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.
Дереккөз:https://kstnews.kz/news/agro/item-77620
 
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓