Он адам қар құрсауында қалған
Қамысты ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері қар құрсауынан он адамды құтқарды. Олардың арасында жүкті әйел бар. Иен далада арты күн бойы жатқан. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.5 ақпанда Қамысты ауданының полициясына қолайсыз ауа райында далада адасып кеткен жүргізушілерден бірден бірнеше хабарлама келіп түскен. Кезекші бөлімге қоңыраулар сағат 20.00-ден бастап келе бастайды. Бір ер адам "Лексус" автокөлігімен Свободный және Дружба ауылдарының арасында қалып қойғанын айтыпты.
Екінші жүргізуші "Тойота Эстима" микроавтобусымен сол трассада қар құрсауында тұрғанын хабарлады. Автобуста 5 жолаушы болған, оның ішінде жүкті әйел де бар.
Қамысты полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусин жедел топтар құрып, олар жәбірленушілерді іздеуге шыққан. Полиция қызметкері Диас Елешев ТЖБ бөлімінің қызметкері Жансұлтан Төлепбергеновпен бірге Свободный ауылына барады. Ауыл тұрғыны Борис Бегалиевтен жол бастауды өтініп, адамдарды іздеуге шыққан. Кенттен жеті шақырым жерде "Лексус" автокөлігі табылып, 26 жастағы жүргізушіге көмек көрсетілді. Жас жігіт Ақтөбеден елордаға бет алып бара жатыпты.
"Іздеу тобы "Лексус" жүргізушісіне көмектесті, автокөлікті қардан суырып алып шықты. Жүргізуші жолға жақсы жабдықталып шыққан екен, азық-түлік пен су қоры мол болыпты. Жол қардан тазарғанша күту үшін жанармайы да жеткілікті болды. Ол техниканың келуін күтіп, бізбен байланыс ұстасқан көлікте қалды. Біз микроавтобусты іздеуге аттандық, – дейді полиция қызметкері.Кіші сержант Д.Елешев кезекшіден "Тойота Эстима" жүргізушісі байланысқа шыққаны туралы ақпарат алады. Ол шопырдың әлдебір базаның аумағында қалғанын, бірақ дәл қай жерде екенін түсіндіре алмағанын айтты. Полицей ауыл тұрғынымен қарда жүру техникасымен автобусты іздеуді жалғастырды. Көп ұзамай оның "Мамыркөл" бригадасы аумағында қалғанын анықтапты. Ақтаудан Нұр-Сұлтан қаласына бара жатқан беттері екен. Боран құрсауында бірнеше сағат тұралауларына тура келді. Ол жолаушыларын даладағы базада қалдырып, ал өзі жолдан тыс көмек іздеуге кеткен көрінеді. Мұны естіген полицей бірден жолаушыларды іздестіруге кіріскен.
"Түнгі сағат3-тер шамасында, көліктің ізімен жүріп отырып, даладан шағын үйге тап болдық. Мұнда төрт ер адам және бір жүкті әйел бар екен. Үйде жарық та, су да болған жоқ. Ер адамдар амалдап отын тауып, пешті жағыпты. Олар бұл үйді бес сағат бойы паналаған. Біз қарда жүретін көлігімізбен жәбірленушілерді бір-бірлеп "Мамыркөл" бригадасына апаруды шештік. Бірінші жүкті әйелді жеткіздік. Оны қыстауға апарған соң бушлатымды шешіп, жылыту үшін аяғын қымтап орадым", – деп баяндап берді Д.Елешев.
Барлық жолаушы есен-сау қыстауға жеткізіліп, оларға ыстық тамақ берілген. Таңертең Қамысты ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері "Адаев КДСМ" ЖШС-мен бірлесіп, Свободный ауылынан "Мамыркөл" бригадасына дейінгі жолдарды тазарту жұмыстарына жұмыла кіріскен.Бұл жерге тағы бір мобильді топ "КамАЗ" автокөлігімен көмекке келген. Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары майор Аязбек Камешов медицина қызметкерін де жеткізді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, әйелді шамамен 200 метр жерге тоқтаған "КамАЗ"-ға жеткізу үшін олар қаңылтырдың бір бөлігін тауып, шана орнына пайдаланып, оны көлікке сүйреп апарған. Жылы "КамАЗ"-да оған медициналық көмек көрсетіліпті.Автобус жүргізушінің аяғын үсік шалғаны анықталды. Құтқарылғандардың барлығы Алтынсарин кентіне жеткізілді.
Осы тәулік ішінде Қамысты полицейлері 10 адамды құтқарып, үш жеңіл көлікті және үш жүк көлігін қар құрсауынан құтқарған.
Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбековтың айтуынша, Свободный кентінің тұрғыны Борис Бегалиевке іздеу операциясына көрсеткен көмегі үшін сый-сияпат ұсынылады.