ШАРА АХАҢ АУЫЛЫНАН БАСТАЛАДЫ

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай үлкен ауқымды іс-шаралар өткізілейін деп отыр. Оның ішінде Қостанай қалалық білім бөлімі де жоспар жасады. Айтатын болсақ, жас ұрпақты патриоттық сезімді насихаттау бағытындағы Ахаңның мұрасын таныстыру мақсатында ұлы тұлғаның туған еліне жаздың күні экспедиция ұйымдастырылмақ. Бұл экспедицияның құрамында тек оқушылар ғана болады. Жас өскінге Ахаңның туған ауылы мен табаны тиген жерін таныстырылатын болады. Саяхттың бір ерекшелігі Ахаң тұтынған заттарының көшірмелерін жасатып, қалалық білім бөлімі осы мектепте ашылатын музейге тапсырмақ. Оған арнайы кабинет жабдықталады. Аталған шаралардың барлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асатын болады. Қостанай қалалық білім бөлімінің әдіскері Ермек Иманқұлов осы және басқа да жоспарлары жөнінде «Тіл білімінің алтын діңгегі – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.
  – Екінші бір іс-шара – Алаш арысының мерейтойына орай оқушылар арасында қалалық айтыс өткізу. Мақсатымыз – жас таланты дарынды ақындарды іздеп табу, солардың қанатын қатайтып, өнерге баулу. Жыр сайысының жүлдесі де қомақты болмақ. Биыл балалар арасында айтыс өтті. Өнерлі буынды даярлайтын ақындарымыз, бапкерлеріміз де бар. Айтыс қыркүйек айына жоспарланған. Тағы да бір ауқымды іс-шара – дәл осы тоталитарлық репрессияның құрбаны болған қайраткерге тағзым ретінде 31-мамыр күні Ахаң атындағы өңірлік университетке хабарласып, жас ақындар арасында мүшәйра өткізіп, ескерткішінің жанында жыр оқып, гүл шоқтарын қойса деген ойымыз бар. Оның сыртында әлеуметтік желіде челлендждер болады. Семинар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Бұны ақпарат ретінде айтып отырмыз. Ахаңа арналған іс-шараның барлығы осы білім ошағынан бастау алып отыр, – деп істеріңе сәттілік тіледі Еремек Иманқұлов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓