Қарғын судан қауіп бар

"Қазгидромет" РМК елдегі үш аймақ су тасқынынан зардап шегуі мүмкін екенін айтып отыр. Олардың ішінде Қостанай облысы бар. Бұл туралы Liter.kz сайты жазды.
Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарының аумағында топырақ қабатының үстіне қалың болып қатқан мұз қабығы байқалады, ол температуралық фонның күрт көтерілуі және қатты жаңбыр кезінде еріген қар тасқынының пайда болуына әкелуі мүмкін.
"Республиканың солтүстігі мен орталығындағы қар жамылғысында жиналған ылғал қорының көлемі су тасқыны қаупін тудыруы мүмкін. Қыс әлі де аяқталған жоқ, сондықтан қар жиналу кезеңі де жалғасуда", – деп хабарлады Қазгидромет.
Қазақстанның өзендері бассейндеріндегі қар жамылғысы көлемі біркелкі емес: Қарағанды облысында орташа көп жылдық мәннен 33-51%-ға төмен; Ақмола облысында 25%-ға жоғары; Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында орташа көп жылдық мән шегінде; Қостанай облысында Тобыл, Аят және Тоғызақ өзендерінің бассейндерінде 30-44%-ға төмен екені анықталып отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓