«Алаш алаңы» қашан салынады?
Ахаңның өз тегін «Байтұрсынұлы» деп толтырған өмірбаяны бар. Қайраткердің «ов» жұрнағынан арылып, «ұлы» деген қазақы жалғауымызбен атайтын кез келді. Ахаң атындағы университет әлі күнге дейін «Байтұрсынов» болып тұр, дұрысы Байтұрсынұлы болса. Белгілі ғалым, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып «» атауымен өткен дөңгелек үстелде осы және өзге де ұсынысын жеткізді.
– Қазір бұл мәселе министрлікте қаралып жатыр. Екіншіден, көтергеніме он жылдан асып кетті, Қостанай қаласында, жалпы Торғай-Тобыл өңірінде Алаш алаңы болуы керек. 2019 жылы ақпанда облыс әкімімен кездескенде көтерген болатынмын. Үш жыл болды. Тапсырма берілді. Бір күнде шешілетін нәрсе емес. Бұл да бақылауда тұрған дүние. Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстанда Алаш ұйымының үш ірі орталығы бар: Семей, Орал, Қостанай өңірі. Басқа өңірлерде ескерткіштер жасалған. Өкініштісі, бізде ғана жоқ. Алаш алаңы деген кезде Ахаң да, Әлихан да, Міржақып та кіреді, – деді профессор.