Тоғыз айдағы толымды істер

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Н.Садуақасовтың төрағалық етуімен кеңейтілген мәжіліс өтті. Онда аудан, қала әкімдері мен сала басшылары тоғыз айдағы толымды істер мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы көрсеткіштерді баяндады.
загруженноеНегізгі баяндаманы жасаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Аманның айтуынша, үстіміздегі жылдың тоғыз айында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер байқалады. Әсіресе, өңірдің өнеркәсіп өндірісінде, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында айтарлықтай өсім бар. Мәселен, ауыл шаруашылығында жалпы құны 147 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, тұрғын үй саласында 171 мың шаршы метр пәтер пайдалануға берілген, жыл аяғына дейін бұл меже 246 мың шаршы метрге жететін болады. Жалпы, "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы шеңберінде биыл өңірге 5 млрд. теңге қарастырылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық көрінеді. Өңдеу өнеркәсібі саласында да өнім көлемі 5,6 пайызға өскен. Азық-түлік, металлургия, көлік құрастыру салаларындағы көрсеткіш те көңіл көншітеді. Дегенмен, әлемдік қаржы дағдарысы кейбір экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне, әсіресе тау-кен өндірісіне кері әсерін тигізуде.
– Өнеркәсіп өнімінің үлкен үлесін шығаратын ірі кәсіпорындарда өндіріс қарқы-нының бәсеңдегені байқалады. Мәселен, "Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатында" өнім көлемі 9,4 пайызға,  "Өркен" серіктестігінде 22,2 пайызға, "Орион Минералс" кәсіпорнында 49,7 пайызға,  "Варварин" акционерлік қоғамында 1,5 пайыз-ға кеміген. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 20,5 млрд. теңгеге төмен. Әрине, тау-кен өнімдеріне сұраныстың азаюына ең алдымен Қазақстан, Ресей, Қытай елде-ріндегі экономикалық қарқынның төмендеуі себеп болып отыр, – дейді Е.Аман.
Мәжілісте комбинаттың қазіргі жай-күйін баяндаған М.Турдахунов қандай жағдай болмасын кәсіпорынның әлемдік экономикалық дағдарысқа төтеп беретіндігін алға тартты. Оның сөзінше, комбинаттың алдағы жылдарға арналған жоспарлары да ауқымды. Үдемелі-индустриалды дамыту бағдарламасы шеңберінде тағы да зауыттар іске қосылып, жүздеген адам жұмыспен қамтылатын болады. Болашақта инвестициялық даму көрсеткіші 250 мың АҚШ долларын құрайтын болады. Ал, бүгінде комбинатта 18 мыңдай жұмыс орны сақталған көрінеді.
Есесіне, өңірде индустрияландыру картасы ая-сында атқарылып жатқан жұмыстар легі аз емес. Мәселен, аталған бағдарлама іске аса бас-тағалы облыста жалпы құны 112 млрд. теңгені құрайтын 74 нысан іске қосылып, нәтижесінде 4,5 мыңнан астам жұмыс орындары құрылған. Соның ішінде, биылғы жылы 5 нысан іске қосылып, 250 жаңа жұмыс орны құрылып, бұл жұмыстарға  11 млрд. теңге жұм-салған. Сондай-ақ, индустрияландыру картасы аясында 50,2 млрд. теңгенің тауары нарыққа жол тартып отыр. Дегенмен, облыс әкімі инвестжобаларды жүзеге асыруда кейбір аудан, қала әкімдеріне сылбырлық танытпай, белсенді жұмыс істеуді қадап тапсырды.
– Жүзеге асырылған жобалардың үлесі Қостанай қаласына тиесілі, яғни 24 жоба. Ал, Рудный қаласында жеті жоба,  Лисаков пен Арқалық қалаларында 2-3 жобадан ғана іске асырылған. Бұл шағын шаһарлар моноқалаларды дамыту бағдарламасына енген. Мемлекеттік шара шеңберінде осы аталған қалалардың өміріне қан жүгіртіп, шағын және орта бизнесті дамыту керек. Мәселен, Денисов пен Федоров аудандарының өзінде 5-6 жобадан жүзеге асырылуда. Сондықтан, осы аудандардан үлгі алыңдар, – деді облыс әкімі Н.Садуақасов.
Өңірде көлік құрастыру өндірі-сі 1,8 пайызға өсіп, жыл басынан бері осы салада 38,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Мәселен, бір ғана "Агромашхолдинг" ак-ционерлік қоғамында соңғы тоғыз айда үш мыңдай темір тұлпар және 354 комбаин шығарылған. Ал, "Сарыарқаавтопром" серіктестігінде 1,5 мыңдай машина жасалды.
Жиын соңында өңір басшысы Н.Садуақасов аудан, қала әкім-дері мен сал басшыларына жыл соңына дейін бөлінген қаражатты толығымен игеруді қадап тапсырды. Өйткені, бүгінгі таңда игерілмеген қаражат көлемі 2,2 млрд. теңгені құрап отыр. Сондай-ақ, әкім инвестжробаларды мерзімінде іске асыруда да ширақтық таныту керектігін ескертті.
Қарлығаш
         ОСПАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓